Дәстүр бойынша наурыз айында жалпының назарын әйелдерге қарай аударғым келеді. Алайда, мұны әйелдердің басшылық лауазымы мен саяси саладағы үлесі фактісін айқындаудан гөрі, экономиканың аз жалақылы секторларындағы әйелдер саны көптігін талдау арқылы жасау керек.  

 

Әйелдер мен аз жалақы 

2020 жылы жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлердің статистикасы қарасақ, ерлердің 75%-ы және әйелдердің 78%-ы жалданып еңбекақы тапқанын көрсетеді. Бұл – жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 76%-ы. Экономиканың орташа айлық жалақысы өте төмен бес саласында барша жұмыспен қамтылған әйелдердің 64%-ы және ерлердің 24%-ы ғана жұмыс істеді.

1-кесте. 2020 жылы Қазазақстандағы орташа айлық жалақысы ең төмен экономика салалары1-кесте. 2020 жылы Қазазақстандағы орташа айлық жалақысы ең төмен экономика салаларыДереккөз: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Дүниежүзілік банктің 2020 жылғы адам капиталы индексі «Қазақстанда дүниеге келген бала, егер жан-жақты білімі мен денсаулығы болса,  өскеннен кейін 63 пайызға анағұрлым өнімді болады» деп көрсетті.

Сапалы білім беру мен денсаулық сақтау адам капиталын дамытудың негізгі факторы саналғанымен, бұл салалар көбінесе әйелдер істейтін және экономиканың аз жалақылы саласына жатады.

Қазақстандағы еңбек нарығындағы әйелдер негізінен денсаулық сақтау және білім беру салаларында жұмыспен қамтылған: әр салаға 78% және 75%-дан келеді. Бұған дейін айтқанымыздай, бұл салалар адами капиталдың дамуына жауап береді, оның сапасына елдің экономикалық өсуі мен дамуы тәуелді.

1-сызба. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлер арасындағы әйелдердің үлесі, 2020 ж.

Читать также ...
COVID-19 кезінде оқығандар: қашықтан оқу жеткілікті ме?

1-сызба. Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлер арасындағы әйелдердің үлесі, 2020 ж. Дереккөз: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Осылайша, Қазақстан экономикасының жалақысы төмен салаларында әйелдер саны басым. Қатардағы салалар емес, адам капиталын дамытуға жауапты – денсаулық сақтау және білім беру салаларында басым.

Балабақша қызметкері кейпіндегі кедейлік 

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу – экономикалық қызмет түрлері арасында ең төмен ақы төленетін салалардың бірі, онда әйелдердің 86%-ы жұмыс істейді.

2-сызба. 2020 жылы Қазақстандағы мектепке дейінгі (бастапқы) білім беру саласындағы қызметкерлердің нақты санына шаққандағы әйелдердің үлесі 

2-сызба. 2020 жылы Қазақстандағы мектепке дейінгі (бастапқы) білім беру саласындағы қызметкерлердің нақты санына шаққандағы әйелдердің үлесі 

ҚР БҒМ мәліметтері бойынша, Қазақстанда бүгінгі күні мектепке дейінгі 10 711 ұйым жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылған барлық бала саны – 847 098. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 75,9%, оның ішінде 3-6 жастағы балалар – 97,1%.

2020 жылы мектепке дейінгі білім беруде қызметкерлердің нақты саны 191 мың адам, оның 165 мыңы – әйелдер. Бұл барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 9%-ы, яғни 1,744 млн адам (ҚР ҰЭМ СК деректері).

3-сызба. 2020 жылы Қазақстандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық номинал жалақысы, мың теңге 

3-сызба. 2020 жылы Қазақстандағы экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық номинал жалақысы, мың теңге

Орташа айлық номинал жалақы (3-кесте) туралы деректерге сүйенсек, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 165 мың әйел қызметкері, яғни білім беруде жұмыс істейтін барлық әйелдердің 22%-ы ел бойынша орташа жалақының 41%-ын (213 мың теңге) және білім беру секторындағы әріптестердің орташа жалақысының жартысынан сәл астамын (164 мың теңге) алды.

 

4-сызба. 2020 жылғы маусымда Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы, мың теңге

Читать также ...
Жылдық есеп: компаниялар нені жасырады?

4-сызба. 2020 жылғы маусымда Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу қызметкерлерінің орташа айлық атаулы жалақысы, мың теңге

Кедейлік деген жұмыссыздық пен табыстың жоқтығы ғана емес. Статистикамен ресми расталмаған жасырын кедейлік ресми түрде аз жалақы төленетін экономика салалары арқылы өмір сүріп келеді. Егер  орташа жалақының 60%-ы ретінде есептелетін (Қазақстанда 2020 жылы орташа жалақы 142 мың теңге) кедейлікті айқындауға еуропалық тәсілді қолдансақ, онда жалақысы 85 мың теңгеден аз қызметкерлерді кедейлерге жатқызуға болады.

Егер әйел адам кәмелетке толмаған екі баласы бар отбасындағы жалғыз асыраушы болса, күтушінің 66 мың теңге жалақысы деген нені білдіреді? Жауап: жұмыс істейтін әйел бейнесіндегі кедейлік келбеті. Жеке бақшаларда тәрбиешілердің жалақысының төмен болуына байланысты парламент депутаты Д.Назарбаева сауал жолдаған еді. Жеке сектордағы, атап айтқанда, жекеменшік балабақшалардағы жалақы нарықпен және соңғы үш жылда өзгермейтін ең төменгі жалақы деңгейімен реттеледі. Сондай-ақ мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының өздерінде жалақының төмен деңгейі жеке сектор үшін бағдар болып қала береді.

Көбінесе әйелдерге төмен жалақы төленеді. Кедейшілік тұзағынан шығу үшін мемлекет пен жеке сектордың келісілген іс-қимылын қолға алып, сондай-ақ экономиканың төмен ақы төленетін салаларында тұрақты жалақы ретінде ең төменгі жалақы мөлшерлемесін қолдану қажет.

5-сызба. 2020 жылғы маусымда Қазақстандағы кәсіптер мен лауазымдар бойынша бір қызметкердің номинал айлық жалақысы, мың теңге

5-сызба. 2020 жылғы маусымда Қазақстандағы кәсіптер мен лауазымдар бойынша бір қызметкердің номинал айлық жалақысы, мың теңге

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жұмыс істейтін әйелдер – ең аз жалақы алатын жұмысшылар. Балабақшадағы күтушіден жалақысы аз адам – көкөністанушы. Салыстырар болсақ: Ұлттық банктің қызметкері 2020 жылдың маусымында балабақшадағы күтушіге қарағанда жеті есе көп жалақы алды (5-кесте). Мемлекеттік бюджет, яғни біздің салықтар есебінен қаржыландырылатын секторлардағы табыстың диспропорциясы фактісі айқын көрініп тұр. Балаларды бағып-күту сияқты әлеуметтік маңызды саладағы төмен жалақы – кадр тұрақтамауына, мамандығын сүйетін жандардың азаюына және балаларға қатыгездік көрсету фактілерінің көбеюіне алып келеді.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие саласындағы әділ жалақыны талап ету – мемлекеттің әлеуметтік маңызы бар салада қоғамдық игіліктерді қайта реттеу жөніндегі функциясын неғұрлым тиімді орындауға шақыру екені айқын. 

Яғни, жәрдемақы берумен ғана шектелмейтін халықты әлеуметтік қорғау саясатын неғұрлым тиімді орындау. Ол қоғамдық игіліктерді әділ түрде қайта реттеу және кедейліктің артуына жол бермеу болып саналады.

 

Читать также ...
Жұмыспен қамтуға триллион: жол картасында қандай проблемалар  болуы мүмкін?

Мемлекет пен жеке сектор әйелдер кедейлігін байқамауды жөн көреді

Балабақшалардың көпшілігі, яғни 60%-ы мемлекеттің меншігінде. Бұл  мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне «кедейлік тұзағынан» шығуға мүмкіндік бермейтін негізсіз аз жалақыны қалыптастыруға мемлекет тікелей әсер ететінін көрсетеді. Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуге арналған мемлекеттік шығындары 2019 жылы ЖІӨ-нің 0,3%-ын құрады, ал ЭЫДҰ елдерінде бұл шығындар ЖІӨ-нің кемінде 1%-ына тең.

2-кесте. Ақтау қаласындағы мемлекеттік балабақшаға еңбекақысы көрсетілген тәрбиешінің бос орны туралы хабарландыру, 2021 жыл. 

 Объявление о вакансии воспитателя с указанием заработной платы в государственный детский сад в городе Актау, 2021 год.

Дереккөз: enbek.kz  электрондық еңбек биржасының сайты

Мемлекеттік деңгейде белгіленген жалақының төмен деңгейі, бір жағынан, жеке секторға жалақы мөлшеріне бағдар ретінде көрсетіледі, ал екінші жағынан, білікті кадрларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен алшақтатады және тұрақтап жұмыс істемеуге алып келеді. 

Білім беру қызметкерлерінің еңбекақысын жыл сайын 25%-ға көтеру де мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудегі 100 мың педагог емес кадрды кедейлік шырмауынан шығаруға қауқарсыз. Әйелдердің, бала күтімі саласындағы қызметкерлердің жағдайын теңестіру үшін неғұрлым батыл шешімдер қажет. Әйелдердің еңбек мүддесін ұжым тарапынан қорғау үшін әйелдердің кәсіподақ бірлестіктерін құратын уақыт келген болуы мүмкін.

Жалақысы төмен салаларда жұмыс істейтін әйелдердің басым болуы басқа әлеуметтік проблемалардың өсу қаупін төндіреді. Жалақысы төмен салаларда әйелдердің шамадан тыс жұмыспен қамтылуы жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікке қарсы неғұрлым тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін егжей-тегжейлі зерделенуі керек. Бұл кедейліктің өсуіне жол бермеудің әлеуметтік саясаты тұрғысынан да маңызды, өйткені бір үйде әйел-ана ғана жұмыс істейтін жартылай отбасылар саны өсе бермек. Қазақстанда анасы мен 18 жасқа толмаған балалары бар 608 мыңнан астам отбасы және балалары жалғыз әкесімен бірге тұратын 103 мың отбасы бар. Осылайша, толық емес отбасыларда миллионға жуық бала өсіп келеді және қосымша білім беру мен балаларды қарау институттарының дамыған желісі отбасының жалғыз асыраушысын еңбек нарығына қосу және балалардың кедейлігінің өсу қаупіне жол бермеу үшін қажет.

Бұл талдау мектепке дейінгі білім беру саласындағы жалақыны мысал ете отырып, әлеуметтік саясат пен мемлекеттік бюджет жалақының гендерлік айырмашылығына қалай әсер ететінін көрсетеді. Мемлекеттік саясат жалақы теңсіздігін төмендетуге де, оны теңестіруге де бағытталуы мүмкін. Мемлекеттің білім беру саласындағы жалақыны арттыру жөніндегі жыл сайынғы әрекеттеріне қарамастан, қабылданған шаралар мектепке дейінгі білім беру және тәрбие қызметкерлерінің жағдайын жақсартпады. Сонымен қатар, жеке сектор үшін ең төменгі жалақы алатын салалардың бірі ретінде мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің статусы бекітілді.

 

Читать также ...
Уақытша жұмыс: дағдарыстан шығу ма, беймәлім болашақ па?

Бұл мақала ерлер мен әйелдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай айырмашылығын зерттеу құралы саналатын гендерлік бюджетті талдау аясында дайындалған.