2020 жылдың 1-4 қазанында нобель сыйлығы иегерлерінің қатысуымен Central Asia Nobel Fest live (CANF) атты орталық азиядағы алғашқы онлайн ғылым фестивалі өтетін болады.

 

Central Asia Nobel Fest Live — бұл Нобель сыйлығының лауреаттары мен көрнекті ғалымдардың қатысуымен Орталық Азия мен Кавказдың әр түрлі елдерінде жыл сайын  өтетін бірқатар ғылыми симпозиумдар мен фестивальдер арасындағы ең алғашқы іс-шара. Осы жоба Нобель сыйлығының лауреаттарымен, көрнекті ғалымдармен және сарапшылармен білім мен тәжірибе алмасудың алдыңғы қатарлы онлайн алаңын құруға, және ғалымдардың бүкіл жас буынын жаңа ашуларға мен жетістіктерге шабыттандыруға бағытталған.

Фестивальдің кілт мәселесі — Шексіз ғылым: Әлем қайда бара жатыр? Central Asia Nobel Fest Live төрт негізгі бағыттағы жаһандық трендтерді талқылау үшін арналатын болады: адам капиталының болашағы; әлемді өзгертетін технологиялар; медицина мен ғылымдағы жаңа қырлар; инклюзивті экономика және тұрақты даму.

Өзінің симпозиумға қатысуын Нобель сыйлығының 6 лауреаты растады: физика саласында — Дэвид Гросс, химия саласында — Джон Полани мен Жан-Мари Лен, медицина және физиология саласында — Ричард Робертс, және Бейбітшілік сыйлығының лауреаттары — Кайлаш Сатьяртхи мен Рае Квон Чунг.

Сондай-ақ, «Ғылыми Оскар» — өмір туралы ғылым саласындағы Breakthrough Prize иегері — Дон Кливлендтің, медицина саласындағы ең беделді Ласкер сыйлығының иегері — Майкл Шитцтің, әлемге әйгілі кибернетик, «капитан киборг» Кевин Уорвиктің, аты аңызға айналған криптограф, Уитфилд Диффинің, сонымен қатар көрнекті экономист, Дүниежүзілік банктің бұрынғы вице-президенті Йоханнес Линнің қатысуы расталды.

Нобель апталығы Қазақстан мен Орта Азиядағы ғылым мен білімнің дамуы үшін адамдарды, мекемелерді мен бизнесті біріктіретін нәтижелі желілік алаңға айналатын болады.

Орталық Азиядағы алғашқы Нобель симпозиумының ұйымдастырушысы — Инклюзивті даму қоры (IDF), коммерциялық емес ұйым. Оның мақсаты — қоғамның маңызды мәселелеріне қатысты инклюзивті саясатты дамытуға бағытталған ашық диалогты ілгерілету. Фестивальдің серіктестері — «Астана» халықаралық қаржы орталығының үздіксіз кәсіби даму бюросы және Redbrick заң фирмасы.

Central Asia Nobel Fest Live туралы қосымша ақпарат:

Читать также ...
CANF: регистрация открыта

https://nobel-fest.inpolicy.net

Өзекті жаңалықтар Instagram парақшасында:  https://www.instagram.com/idf_kz/?hl=ru

Студенттерді Central Asia Nobel Fest Live волонтерлар бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпарат алу үшін келесі электрондық поштаға жазыңыз: nobelfest@inpolicy.net

 

Байланасатын тұлға:

Жадыра Алтынбаева

Халықаралық жобалар үйлестірушісі

Инклюзивті Даму Қоры

nobelfest@inpolicy.net

+7 708 762 1339